Qazaq Air ұшағы Атырау қаласына шұғыл қонды
Жарияланған күні:
"Ақтөбе-Баку" бағытындағы рейсті орындайтын Qazaq Air ұшағы Атырау қаласының әуежайына жоспардан тыс қонды. Бұл туралы әуе компаниясы ресми сайтында хабарлады.
Qazaq Air мәліметінше, бортта 37 жолаушы болған. Әуе кемесі 5 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 19:21-де (Атырау уақыты бойынша 18:21-де) қонған.
Жоспардан тыс қонудың себебі – шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жолаушы болды.
"Экипаж дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақын маңдағы әуежайға ұшақты қондыру туралы шешім қабылдады. Әуежайға қонғаннан кейін жолаушыны жедел жәрдем көлігі алып кетіп, білікті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жатқызды", - делінген хабарламада.
Ауруханаға жатқызылған әйелмен бірге бортта ұшқан жолаушының айтуынша, медициналық көмек уақтылы көрсетілген және қазіргі уақытта оның өміріне еш қауіп жоқ.
Әуекомпания осы рейсте болған кардиолог-дәрігер Гүлшан Мамедоваға көрсеткен көмегі мен кәсібилігі үшін алғыс білдірген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008269-qazaq-air-usagy-atyrau-qalasyna-sugyl-qondy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.