Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш рет мас күйінде көлікке отырған алматылық алты жылға сотталуы мүмкін

Опубликовано:

мас адам
Жүргізуші. Көрнекі фото: Рixabay.com

35 жастағы Алматы тұрғыны көлікті бірнеше рет мас күйінде басқарғаны үшін 4 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Полицияның хабарлауынша, 2021 жылдың қыркүйек айында ол алғаш рет мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған. Содан кейін сот оны 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырған.

"Өзіне тиісті қорытынды жасамай, А. есімді азамат, тағы да мас күйінде көлік жүргізді. Патрульдік полиция қызметкерлері оны 2022 жылдың сәуір айында ұстады. Күдікті бұл жолғы әрекеті ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен квалификацияланды", – дейді ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Сот шешімімен оған өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырумен қоса, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"Бас бостандығынан айыру орындарынан босай сала, А. есімді азамат биыл қаңтарда тағы да мас күйінде көлік тізгініне отырып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жүргізуші орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған", – дейді Олжас Шарипов.

Ер адам ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігінде (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

"Бұл баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады", – дейді ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008275-kolik-aidau-quqygynan-birzola-aiyrylgan-almatylyq-mas-kuiinde-zko-zasagany-usin-6-zylga-bas-bostandygynan-aiyryluy-mumkin/

pixel