Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында әйел екі сәбиін сатты деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Күдікті әйел
Күдікті. Видеодан кадр: Т.me/POLICE_of_KZ

Атырау облысының полиция департаменті екі сәбиін сатып жіберген болуы мүмкін деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-арнасында.

Полицияның хабарлауынша, Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізген.

"Іздестіру іс-шарасы барысында 2021 жылы туған және 2022 жылы туған сәбилерін сатқан 1991 жылғы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны анықталды.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", — делінген хабарламада.

Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайтыны айтылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Таразда медицина қызметкерлері жаңа туған сәбиді сатты деген күдікке ілінген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008308-atyrau-oblysynda-aiel-eki-sabiin-satty-degen-kudikke-ilindi/

pixel