Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда азық-түлік бағасы шарықтап тұрған өңірлер белгілі болды

Опубликовано:

азық-түлік
Азық-түлік базары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда министрі Серік Жұманғарин министрлер кабинетінің отырысында азық-түлік бағасы ең көп өскен өңірлер туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Серік Жұманғаринның хабарлауынша, биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша инфляция 1,1 пайызды құраған, оның ішінде азық-түлік бойынша инфляция 1,4 пайыз, азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы 0,9 пайыз, ақылы қызметтер бойынша 0,7 пайыз.

"Азық-түлік инфляциясының ең жоғары деңгейі Астана мен Шымкентте (2,2 пайыздан), Қызылорда және Солтүстік Қазақстан (1,8 пайыз), Ақтөбе (1,7 пайыз) және Ұлытау (1,5 пайыз) облыстарында қалыптасты.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі жыл басынан бері 1,7 пайызды құрады. Апта сайын динамика әр түрлі деңгейде – +0,3/+0,4 пайыз. Маңғыстау (3,4 пайыз), Ұлытау (2,8 пайыз) облыстарында және Астана қаласында (2,5 пайыз) баға қатты өскен. Атап айтқанда, пияз 22,5 пайызға, күріш 5,2 пайызға, қырыққабат 4,1 пайызға, сүт пен сәбіз 3,1 пайызға, картоп 3 пайызға, ал кеспе 2,6 пайызға қымбаттады", – деді Жұманғарин.

Министр қазіргі уақытта республикада бағаны тұрақтандыру құралдары қайта қаралғанын айтты. Мәселен, "айналым схемасы" шеңберінде қарыз беру бойынша тәсіл қайта форматталған, яғни қазір тікелей өндірушілерге беріледі, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру тетігі өзгертілді, ол өнімді сатып алу – егін жинау кезеңінде, яғни нарықта бағалар бәсекелестіктегі кезде жүреді, ал олар маусымаралық кезеңде сатылады.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы өндірушілерінен өнімді сатуға дейін сақтауға мүмкіндік беретін келісімшарт жасауға форвардтық сатып алу тетігі енгізілді. Бүгінгі таңда 2022 жылғы егін келісімшарты бойынша нақты қорлар: пияз – 110 пайыз, картоп – 105 пайыз, сәбіз – 87 пайыз, қырыққабат – 70 пайыз. Қазіргі уақытта сауда объектілері арқылы пиязды сатып бастау туралы тапсырма берілді.

Серік Жұманғарин республиканың барлық ірі сауда желілері бағаны тұрақтандыру жұмыстарына қатысатынын айтты.

Премьер-министр 2023 жылға арналған негізгі міндеттердің бірі – 2023 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияның деңгейін 9,5 пайыздан асырмау екенін айтып өтті. Бұған қол жеткізуге әбден болады. Тек бұл үшін барлық өңірлердің азық-түлік бағасын тұрақтандыру, әсіресе, маусымаралық кезеңде бағаны ұстап тұру бойынша белсенді жұмыс қажет.

Үкімет басшысының айтуынша, әкімдіктерге барлық қажетті тетіктер ұсынылды, қаражат бөлінді, алайда жергілікті жерлерде аталған мәселеге салғырт қараудың салдарынан бағаның өсуі тоқтайтын емес. Мысал ретінде премьер-министр өңірлерге пияз бойынша келісімшарт жасау тапсырылғанын айтты.

"Әкімдер өнім көлемі жеткілікті деп бірнеше рет айтты. Онда пияз неліктен қымбаттайды? Біздің елімізде пияз көп өседі. Алайда бағаны төмендету үшін пияз экспортына тыйым салып, шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүр болдық", — дейді премьер-министр.

Үкімет басшысы республикадағы форвардтық сатып алу тетігі бірінші кезекте өндірушілерді қаржыландыру үшін қайта форматталғанын айтты. Алайда әкімдіктер делдалдарды көбейте отырып, жеткізушілерге қаражат бөлуді жалғастыруда.

"Өңірлерге тиімді бағамен тұрақтандыру қорларын толтырып алуға мүмкіндік берілді", — деді премьер-министр.

Сонымен қатар үкімет басшысының айтуынша, жыл басынан бері сауда саласындағы заңнаманы бұзушылық фактілері болған жоқ, дегенмен барлық әкімдіктерге тиісті өңірлік комиссиялардың жұмысын жақсарту үшін алгоритмдер мен ұсынымдар жіберілген.

"Алайда өңірлерді комиссия отырыстарын өткізуге "қинағандай етіп" мәжбүрлеп отырмыз. Оның өзі де ешқандай нәтиже беріп отырған жоқ. Тағы да қайталап айтамын: азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру – үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың аса маңызды міндеті. Жұмысқа немқұрайлы қарау орын алса және нәтиже болмаса, тиісті шешімдер қабылданады. Бұл туралы бұған дейін де айтылды", — деді Әлихан Смайылов.

Осыған байланысты үкімет басшысы сатып алу-сату кезіндегі тауарлар көлемі мен бағасын ерекше бақылауға алуды тапсырды. Осы орайда премьер-министр әкімдіктерден тек бақылау-кассалық аппараттарды қолданатын сауда объектілерінде тұрақтандыру қорларынан өнімдерді сатуды жүзеге асыруды талап етті.

Сонымен қатар премьер-министр барлық ауданды қамти отырып, тұрақты негізде арнайы жәрмеңкелер өткізу және бағаны, көлемді, қарсы міндеттемелерді және айыппұл санкцияларын белгілеу жөніндегі міндетті шарттарды көрсете отырып, форвардтық сатып алу шартының бірыңғай форматын әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008371-qazaqstandagy-azyq-tulik-bagasynyn-osui-boiynsa-zeteksi-aimaqtar-belgili-boldy/

pixel