Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы ахуалға байланысты Қазақстанда жедел желі іске қосылды

Жарияланған күні:

телефон
Телефон. Көрнекі фото: pixabay.com

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы табиғи апатқа байланысты Қазақстанда жедел желі іске қосылғанын мәлім етті. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

Айбек Смадияровтың айтуынша, Түркиядағы ахуалға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде +7 (7172) 72-05-00 нөмірі бойынша жедел желі іске қосылған.

"Осы телефон арқылы азаматтарымыз бен олардың туыстары көмек сұрай алады", - дейді СІМ ресми өкілі.

Бұдан бөлек ол жақын арада Түркиядағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің шұғыл байланыстары жарияланатынын атап өтті.

"Барлық келіп түскен ақпарат міндетті түрде қосымша тексеріледі. Жер сілкінісі аймақтарындағы гуманитарлық апатты ескере отырып, іздеу-құтқару жұмыстары біраз уақыт алады. Түркиядағы азаматтарымыз туралы қандай да бір ақпарат болса немесе туыстары байланысқа шықпаса, дереу Сыртқы істер министрлігіне жоғарыда көрсетілген нөмірге немесе Түркиядағы дипломаттарымызға хабарлауды сұраймыз", - дейді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік шығысында жойқын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері тағы бірнеше провинцияда, сондай-ақ Сирия мен Ливанда сезілді.

Соңғы мәліметтер бойынша жер сілкінісі салдарынан Түркияда 3 419 адам, Сирияда 800-ден аса адам көз жұмған.

СІМ өкілінінің сөзінше, осы уақыттағы ақпарат бойынша жер сілкінісінен зардап шеккен немесе қаза тапқандардың тізімінде Қазақстан азаматтары жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008444-turkiyadagy-axualga-bailanysty-qazaqstanda-zedel-zeli-iske-qosyldy/