Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия билігі жер сілкінісінен қаза тапқандар туралы жаңа деректерді жария етті

Опубликовано:

Түркия
Түркиядағы жер сілкінісі болған аймақ. Фото: Anadolu Agency / Contributor via Getty Images

Түркия билігі елдің оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы жаңа деректерді жариялады.

РИА Новости-дің хабарлауынша, Түркия вице-президенті Фуат Октай елде жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 3419-ға жеткенін, 20534 адам жарақат алғанын мәлімдеген.

Сонымен қатар 5775 ғимарат қирағаны белгілі болған.

Басылым Түркия вице-президентінің сөзіне сілтеме жасап, зілзала аумағындағы құтқару жұмыстарының барысы туралы да жазды.

Соңғы мәліметке сәйкес, үйінділердің астынан сегіз мыңнан астам адам құтқарылған. Құтқару жұмыстары жалғасуда, оған 12 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Фуат Октайдың сөзінше, Түркияға 14 мемлекет көмек көрсетуде.

Сондай-ақ басылым Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 800-ден асқанын мәлім етті.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда Түркияның Газиантеп қаласының маңында магнитудасы 7,5 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері тағы бірнеше провинцияда, сондай-ақ Сирия мен Ливанда сезілді.

Төтенше жағдайға байланысты Түркияда жеті күндік аза тұту күні жарияланды.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтып, үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.

Бүгін қазақстандық құтқарушылар мен медицина қызметкерлері көмек көрсету үшін Түркияның жер сілкінісі болған аймағына барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008423-turkiya-biligi-zer-silkinisinen-qaza-tapqandar-turaly-zana-derekterdi-zariya-etti/

pixel