Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсатты рәсімдеу тәртібі өзгерді

Жарияланған күні:

төлқұжат
Шетелдік төлқұжат. Көрнекі фото: pixabay.com

Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсатты рәсімдеу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енді шетел азаматтары елімізде тұрақты тұруға өтініш берерде жарамдылық мерзімі кемінде 180 күнтізбелік күнді құрайтын шетелдік паспортын ұсынуы қажет, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа-порталдың хабарлауынша, Қазақстанмен көші-қон келісімі бар елдердің азаматтары елімізге ішкі құжаттармен кіре алады, шыға алады, транзитпен өте алады, жүре алады және уақытша бола алады.

Алайда шетел азаматы Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат алу үшін жеке басын куәландыратын және олардың құқықтық мәртебесін растайтын құжат ретінде шетелдік паспортын ұсынуы қажет.

Осы орайда қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру үшін 6 қаңтар күні ІІМ-нің  бұйрығымен тұрақты тұруға рұқсаттар рәсімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілген.

Енді шетелдіктер тұрақты тұруға өтініш берген күні жарамдылық мерзімі кемінде 180 күнтізбелік күнді құрайтын өзінің шетелдік паспортын ұсынуы қажет. Сондай-ақ уақытша тұруға рұқсат алу үшін тұрғын үй иесінің, оның атынан сенімхат бойынша әрекет ететін адамның баруы не болмаса меншік иесінің нотариалды расталған келісімі қажет.

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, аталған өзгерістерге сәйкес рұқсатты рәсімдеген кезде көрсетілетін мекенжайда оның тіркеу коды болуы шарт.

ІІМ бұл шаралар шетелдіктерді ойдан шығарылған мекенжайларға, сондай-ақ өтініш иесіне қатысы жоқ мекенжайларға тіркеу мүмкіндігін жою мақсатында қабылданып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008543-seteldikterdin-qazaqstanda-turaqty-turuyna-ruqsatty-rasimdeu-tartibi-ozgerdi/