Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

МСМ: Түркияның демалыс орындарында 254 қазақстандық турист бар

Опубликовано:

әуежай
Әуежай. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Туризм комитеті Түркияға туристік жолдама алған қазақстандықтардан сапардан бас тарту туралы өтініш түспегенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Туризм комиетінің хабарлауынша, Түркияға жолдама сатып алған қазақстандық туристер тарапынан осы уақытқа дейін туристік жолдамалардың күшін жою немесе қайта брондау туралы өтініштер түспеген.

"Туристік жолдамадан бас тартқысы келетін азаматтар туроператорларға жүгіне алады, олар ілеспе комиссияларды ескере отырып және қызметтер шарттарында көрсетілген шығындарды шегеріп, қайта есеп айырысуы керек", — делінген комитет хабарламасында.

Сонымен қатар, туроператорлар туристерге демалыс күндерін, бағытын, баратын елді ауыстыру және т.б. баламалы опцияларды ұсына алады.

Министрлік бүгінгі таңда Түркияның демалыс орындарында 254 қазақстандық туристің барын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008598-turizm-komiteti-turkiyaga-zoldama-algan-qazaqtandyqtardan-sapardan-bas-tartu-turaly-otinis-tuspegenin-aitty/

pixel