Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаппай тәртіпсіздікке қатысты деп күдікке ілінген қазақстандық Беларусьтен экстрадицияланды

Опубликовано:

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан Бас прокуратурасының қызметкерлері Интерполдың көмегімен Қазақстан азаматын Беларусь Республикасынан экстрадициялады. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

Бас прокуратура мәліметінше, ол Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан деген күдікке ілінген.

"Қылмыс жасағаннан кейін аталған тұлға қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға әкелініп, қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Бас прокуратура Қазақстанның заңнамасына сәйкес жоғарыда аталған қылмыстар үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008671-zappai-tartipsizdikke-qatysty-dep-kudikke-ilingen-qazaqstandyq-belarusten-ekstradiciyalandy/

pixel