jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады

гүл шоғы
Гүл шоғы. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтар биыл наурыз айында екі мемлекеттік мерекені атап өтеді. Осыған байланысты ел тұрғындары бірнеше күн демалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Электрондық үкімет порталына сілтеме жасап.

Алдағы айда елімізде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мен 21-23 наурыз аралығында Наурыз мейрамы тойланады.

Атап айтқанда, Халықаралық әйелдер күні биыл сәрсенбіге сәйкес келетіндіктен, тұрғындар бір күн - 8 наурызда демалады.

Сонымен бірге, тұрғындар 21-23 наурыз аралығында Наурыз мейрамын атап өтеді. 21-23 наурызда тойланатын Наурыз мейрамы сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндеріне сәйкес келетіндіктен, қазақстандықтар апта ортасында қатарынан үш күн демалады. Осылайша бұл аптада тек дүйсенбі және жұма - жұмыс күні болып есептеледі.

Жалпы алғанда, наурызда аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар мереке күндері мен демалыс күндерін қоса алғанда 12 күн демалады.

күнтізбе
Күнтізбе. Скриншот: egov.kz

Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.