Алматы облысында лауазымды тұлғалар 850 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен шағын бизнес субъектілеріне фармацевтикалық бақылау саласындағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық қызметін тоқтатты. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, жүйелі түрде пара алуда Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің басшысы мен бөлім басшысының міндетін атқарушы әшкереленген.
"Олардың заңсыз талабы бойынша шағын бизнес өкілдерінен фармацевтикалық қызметті (дәріхана бизнесін) жүзеге асыруға бас лицензиялар мен оларға қосымшалар бергені үшін жалпы сомасы 850 000 теңгеге пара алынғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ агенттік жемқорлықтың жолын кесу және анықтау, сондай-ақ бизнесті қорғау жұмыстары жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008739-almaty-oblysynda-lauazymdy-tulgalar-850-myn-tenge-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/