Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Телеком операторлары Түркиядағы қазақстандық құтқарушыларды тегін байланыс және интернетпен қамтамасыз етті

Опубликовано:

Фото
Фото: freepik

Қазақстандық телеком операторлары Түркия Республикасында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысушы Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және арнайы жасақ дәрігерлерін тегін қызметпен қамтамасыз етті. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне қазақстандық байланыс операторларының бірінің өкілі хабарлады.

Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісі зардаптарын жоюға аттанған қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлердің Қазақстан мен Түркиядағы нөмірлеріне кіріс және шығыс қоңыраулары үшін 60 минут және 8 ГБ интернет-трафигі аударылды. Қажет болған жағдайда бөлінген байланыс пакеттері ұзартылады.

Бұл туралы абоненттерге SMS арқылы хабарланды.

Beeline клиенттері аударымды «Менің Beeline-ым» қосымшасында немесе *106# пәрменімен тексере алады.

Kcell/ Activ клиенттері аударымды activ/Kcell суперқосымшасы арқылы немесе *111*3# пәрменімен тексере алады.

Tele2/ Altel клиенттері аударымды мына қосымша арқылы: https://click.tele2.kz/2sDW/roami немесе *382# пәрменімен тексере алады.

Естеріңізге саламыз, 6 ақпан, дүйсенбіде Түркияның оңтүстік шығысында болған бірқатар жойқын жер сілкінісінен Сирияның да бірнеше провинциясы зардап шекті. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 7 балдан асты.

Табиғи апат салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады. Бүгінгі таңда жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстары жүргізілуде. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісіне байланысты жеті күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008876-telekom-operatorlary-turkiyadagy-qazaqstandyq-qutqarusylardy-tegin-bailanys-zane-internetpen-qamtamasyz-etti/

pixel