Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Ресей шекарасында жер сілкінді

Опубликовано:

Жер сілкінісі
Жер сілкінісі. Көрнекі фото: Freepic.com

Қазақстанның Ресеймен шекарасында 4,2 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қазақстан ұлттық деректер орталығы ресми сайтында хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, 2023 жылғы 10 ақпанда сағат 18:35-те (Астана уақыты бойынша) Өскеменнен оңтүстік-шығысқа қарай 208 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Магнитудасы – 4,2. Жер асты дүмпуі 21 шақырым тереңдікте болған.

Еске салсақ, бұған дейін 6 ақпан күні Шымкентте күші 2-3 балл болатын жер сілкінісі тіркелген болатын. Ал 7 ақпан күні таңертең Алматыдан 375 шақырым жерде жер сілкінді.

Айта кетейік, 6 ақпан күні Түркияның бірнеше өңірінде магнитудасы 7,7 және 7,6 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан қаза тапқандар саны 18 342-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008966-qazaqstan-men-resei-sekarasynda-zer-silkindi/

pixel