Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рөлде отырып телефоннан видео көрген астаналық автобус жүргізушісі жазаланды

Опубликовано:

қоғамдық көлік
Көрнекі фото: pexels.com

Астана қаласында қоғамдық көлік жүргізушісі автобусты жүргізу кезінде видео көргені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі POLISIA.KZ Telegram-каналына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында MAN маршруттық автобусының жүргізушісі тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталған.

56 жастағы ер адам теріс қылығы үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 591-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Жол қозғалысы ережелерінің 2.4.9-тармағы, көлік құралын басқару кезінде телефон немесе радиостанцияны пайдалану) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Сонымен қатар, оған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материал түпкілікті шешім қабылдау үшін Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008999-rolde-otyryp-telefonnan-video-korgen-astanalyq-avtobus-zurgizusisi-zazalandy/

pixel