Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ештеңе түсіндіре алмайсыз": Роман Скляр "Павлодарэнерго" бас директорының жұмысын қатаң сынға алды

Опубликовано:

Роман Скляр Екібастұз қаласында
Роман Скляр Екібастұз қаласында. Фото: pavlodarnews.kz/Константин Шелков

Екібастұзға жұмыс сапары кезінде премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр "Павлодарэнерго" акционерлік қоғамы бас директорының жұмысын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бірінші кезекте үкімет төрағасының бірінші орынбасары соңғы үйлерді және жалпы қаланы жылумен жабдықтауды реттеу мәселесі қалай шешілетінін сұрады.

Алайда "Павлодарэнерго" акционерлік қоғамының бас директоры Вадим Лесиннің жауабы Роман Склярдың көңілінен шықпады. 

"Сіздің параметрлеріңіз адамдарға ештеңе айтпайды, тұрғындар үшін ең бастысы пәтерлерде жылы болуы керек. 65-66 градус температурада және дұрыс гидравликалық режимде пәтерлерде қалыпты температураға қол жеткізуге болады. Бұл айтып отырғаныңыз түкке жарамайды. Сіз тіпті, менің тапсырмаларымды орындамақ түгілі ештеңе түсіндіре алмайсыз", – деді Роман Скляр.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Вадим Лесинге бүгін "Павлодарэнерго" акционерлерінен оны атқаратын қызметінен босатуды талап ететініне жеткізді.

Біраз уақыттан кейін Роман Скляр "ОАЭК" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Сергей Канмен телефон арқылы сөйлескен кезінде бұл мәселе түпкілікті шешілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009014-estene-tusindire-almaisyz-roman-sklyar-pavlodarenergo-bas-direktorynyn-zumysyn-qatan-synga-aldy/