Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елшілік Түркияға келген Қазақстан азаматтарының консулдық есепке тіркелуінің маңыздылығы жайлы айтты

Опубликовано:

Қазақстан-Түркия туы
Қазақстан-Түркия туы. Фото: Oleksii Liskonih/Getty Images

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі Түркияға келген қазақстандықтардың консулдық есепке тіркелуі қажет екенін айтты. Бұл ретте елшілік консулдық есепке тіркелу не үшін қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елшілік консулдық есепке тіркелу төмендегі жағдайларда қажет екенін еске салды.

  • Шетелде жүргенде сіздің заңды құқықтарыңыз бен мүдделерініздің сақталуын қамтамасыз ету үшін (Себебі Қазақстан азаматы мемлекеттің қорғауында болады);
  • Қазақстан заңнамасында көзделген конституциялық және өзге де құқықтарды толық пайдалану үшін (сайлауда дауыс беру құқығын пайдалану, алдағы сайлау және референдум туралы және Қазақстаның заңнамасы мен ережелеріне қатысты өзгерістер болса қажетті ақпарат алу);
  • Сіз бен ел арасындағы байланыстарды сақтау, сонымен қатар күрделі жағдайлар туындаған кезде (мысалы, паспорт жоғалса, табиғи апаттар, дүлей зілзалалар және басқа да форс-мажорлық жағдайлар барысында эвакуациялау, елдегі туыстарыңызды хабардар ету) Қазақстанға оралуыңызды жеңілдету мақсатында;
  • Қазақстанға баруды қажет етпейтін кейбір мәселелерді шешу (мысалы, Қазақстан паспортын ресімдеу немесе ауыстыру) үшін.

Елшілік консулдық есепке тіркелуді онлайн жүзеге асыруға болатынын және қосымша ақпаратты елшіліктің сайтынан алуға болатынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Түркиядағы елшілігі түрік елінде білім алып жатқан Қазақстан студенттеріне үндеу жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009055-elsilik-turkiyaga-kelgen-qazaqstan-azamattarynyn-konsuldyq-esepke-tirkeluinin-manyzdylygy-zaily-aitty/

pixel