Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаев ұсталды

Опубликовано:

Ермек Имантаев
Ермек Имантаев. Фото: spk-aktobe.kz

Ақтөбе облысын 2002-2004 жылдары басқараған Ермек Имантаев ұсталды, деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Агенттіктің облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ермек Имантаев лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп күдіктелуде.

"Ақтөбе облысының мамандандырылған тергеу сотының 10 ақпандағы қаулысымен Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінде (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) көзделген қылмысты жасады деген күдікке ілінген И-ға қатысты 2023 жылдың 8 сәуіріне дейін екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - деп хабарлаған соттың баспасөз қызметі Қазақпарат тілшісіне.

Басылым сот қаулысы әлі заңды күшіне енбегенін атап өтті.

Айта кетейік, Ермек Имантаев әр жылдары Ақтөбе облысындағы лауазымды қызметтерден бөлек, Қазақстан президенті әкімшілігінде, бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде қызмет істеген.

2019 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурызына дейін "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-ны басқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009059-aqtobe-oblysynyn-buryngy-akimi-ermek-imantaev-ustaldy/

pixel