Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы жер сілкінісі: осы уақытқа дейін қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан 7 адамды құтқарған

Опубликовано:

Қазақстандық құтқарушылар іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде
Қазақстандық құтқарушылар зілзала болған аймақта іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Фото: ТЖМ

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркияда жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Министрліктің мәліметінше, құтқарушылардың жұмысы үйінділердің көптігімен, құрылымдардың қауіпті болуымен күрделене түсуде. Соған қарамастан, қазақстандық құтқарушылар барынша тиімді жұмыс істеуде.

Бүгінгі таңда Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырған. Қайтыс болған 39 адамның оның ішінде 2 баланың денесін үйінді астынан шығарған.

Сонымен қатар ведомство Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зілзаладан зардап шеккен адамдарға тәулік бойы алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатқанын атап өтті.

Министрліктің дерегінше, күніне орта есеппен 35-тен астам адам медициналық көмекке жүгінеді.

Еске сала кетейік, жойқын жер сілкінісі болған Түркияға қазақстандық құтқарушылардың алғашқы эшелоны 7 ақпанда барған еді.

8 ақпанда апат болған аймаққа қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы барды.

Олар зілзаладан кейін із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіруге, төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға көмек көрсетуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009068-turkiyadagy-zer-silkinisi-osy-uaqytqa-deiin-qazaqstandyq-qutqarusylar-uiindi-astynan-7-adamdy-qutqargan/

pixel