Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда мас жүргізуші тәртіп сақшысын 200 метрге сүйреп әкетті (видео)

Опубликовано:

Теміртауда мас жүргізуші полицейді сүйреп әкетті
Полиция қызметкерлері. Видеодан кадр: Рolisia.kz

Теміртауда тәртіп сақшылары құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан көліктің жүргізушісі патрульдік полиция қызметкерін 200 метрге сүйреп кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, оқиға 11 ақпан күні түнгі сағат 00.35 шамасында болған.

Теміртау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Бейбітшілік даңғылының бойында 31 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан. Полиция қызметкерлерінің көліктің құжаттарын беру талабына жүргізуші құжаттарының жоқтығын айтқан. Әңгіме барысында тәртіп сақшылары одан ішімдіктің иісін сезіп, көліктен түсуін талап етеді.

"Сол мезетте жүргізуші көліктің есігін жаппай, оқиға орнынан қашпақшы болған. Тәртіп сақшысы көлік салонына мініп үлгерген, бірақ аяғы сыртта қалып қойған. Жүргізуші оны 200 метрге сүйреп әкетіп, тоқтаған.

Полиция қызметкерлері жүргізушіні сыртқа алып шығып, қоян-қолтық әдісімен жерге жатқызды. Кейін жүргізуші наркология орталығына жеткізіліп, оның орта дәрежеде ішімдік ішкен күйде болғаны анықталды", – делінген хабарламада.

Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608, 613 және 667-бабына сәйкес хаттамалар толтырылды.

"Соттың шешімімен 31 жастағы азамат құқық бұзғаны үшін 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды", – дейді полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009086-temirtauda-mas-zurgizusi-policeidi-200-metrge-suirep-aketti-video/

pixel