Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлдағы қарулы шабуылдан кейін Қазақстандағы мектептерде тексеру жүргізіледі

Опубликовано:

оқушы
Оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Петропавлдағы мектепте болған оқиғадан кейін комиссия құруды тапсырды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің ресми сайтында хабарланды.

"Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша Петропавл қаласындағы мектепте болған оқиғаға қатысты комиссия құрылды. Оның құрамында балалардың құқығын қорғау комитеті, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының өкілдері бар", – делінген хабарламада.

Ведомство ақпаратынша, мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін орнатылған бейнебақылау камералары мен дабыл түймесі жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сонымен қатар облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінде қауіпсіздікті тексеру жұмысы тапсырылды.

Осы орайда ведомство 2022 жылғы 30 наурызда білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін министрлік білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіткенін де атап өтті.

Еске салайық, бүгін Петропавлдағы мектептердің бірінде оқушыларға шабуыл жасалған болатын. Тоғызыншы сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкелген. Дәретханада ол бетперде киіп, одан кейін дәлізге шығып, үш оқушыны жарақаттаған.

Зардап шеккендердің барлығы облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені хабарланды. Олар есін біледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009163-petropavldagy-qaruly-sabuyldan-keiin-qazaqstandagy-mektepterde-tekseru-zurgiziledi/

pixel