jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Атырауда ауыл әкімі трактормен көшедегі қарды күреп жүр (видео)

Атырауда ауыл әкімі трактормен қар күреп жүр
Трактор. Видеодан кадр: Facebook.com/Айболат-Урынбасаров

Әлеуметтік желіде Атыраудағы ауыл әкімінің трактормен қар күрегені туралы видео тарады. Трактор рулінде – Дамбы ауылының әкімі Ұзақбай Байзуллин, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Мен кәсіби механизор емеспін. Бірақ өзімді тәжірибелі жүргізушімін дей аламын. Көлік жүргізуші мамандығын меңгергенмін. 1980 жылдан бері көлік жүргізіп келемін.

1949 жылы туған ағам Бисенбай ауылдағы Амангелді атындағы колхоздың маңдайалды тракторшысы әрі көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшесі болған. Қазақтың ұлттық аспабы – домбыра шертеді.

Мектептің 3-4 сыныптарында оқып жүргенімде, тракторын үйдің алдына әкеліп қоятын. Сол кезде техникаға қызығушылығым оянды", – дейді Ұзақбай Байзуллин.

Әкімнің айтуынша, ол 8 ақпан күні трактордың руліне отырып, күні бойы ауыл көшелерін қардан тазартқан.

"Әрине, қар күреудің қиындығы бар. Сол себептен, алдымен трактор жүргізушісінен қарды қалай күреу қажеттігін сұрап алдым. Кейін трактор руліне отырдым. Менің ойымша, әр азамат елге қызмет етуі қажет. Қар жауып, көлік қозғалысы қиындыған кезде қол қусырып отыра алмадым" дейді Байзуллин.

Видео авторы да, пікір қалдырушылар да ауыл әкімінің бұл ісіне ризашылығын білдірген. Бірақ Ұзақбай Байзуллиннің өзі бұған назар аудармағанын қалайды.

Атырауда ауыл әкімі трактормен көшедегі қарды күреп жүр (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.