jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда жаңа туған баланы тастап кету фактілерін хабарламаған медицина ұйымдарына жаза күшеймек

нәрестенің қолы
Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда жаңа туған баланы тастап кету фактілерін хабарламаған ұйымдарға қатысты әкімшілік жауапкершілік енгізілуі мүмкін. Тиісті заң жобасын Ішкі істер министрлігі дайындаған, құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Ведомство "Қазақстан республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлеген.

Авторлар кодекске "Мемлекеттік медициналық ұйымдар және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған баланы тастап кету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсуі және жеткізілуі фактісі туралы хабарламауы" деген жаңа бап енгізісі келеді.

Ұсынылып отырған баптың санкциясына сәйкес, жоғарыда айтылған фактілер үш жұмыс күні ішінде құзырлы органдарға хабарланбаса, ескерту түріндегі жаза беріледі. Ал бұл факт бір жыл ішінде тағы қайталанатын болса, 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі бұл бағыттағы істерді қарауды баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға беруді ұсынып отыр.

Құжат 3 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Қазақстанда жаңа туған баланы тастап кету фактілерін хабарламаған медицина ұйымдарына жаза күшеймек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.