Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға қосалқы бөлшек түрінде әкелінген рөлі оң жақтағы шетелдік көліктер тіркеуге алынады

Опубликовано:

Автокөлік тұрағы
Автокөлік тұрағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанға қосалқы бөлшек түрінде әкелінген рөлі оң жақтағы шетелдік көліктер тіркеуге алынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ІІМ мәліметінше, заңдастырудың алғашқы 20 күнінің қорытындысы бойынша Қазақстанда шетелден әкелінген 27 мыңға жуық көлік тіркелген.

Тағы 65 мыңнан астам автокөлік алдын ала тексеруден өтіп, нөмірлік агрегаттарды салыстыруға және одан әрі тіркеуге жіберілген.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі автокөліктерді заңдастыру процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешу үшін талдау жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Заңдастыру процесінде көбіне рөлі оң жақта орналасқан автокөліктер анықталды, олар ел аумағына қосалқы бөлшектер түрінде әкелініп, кейіннен Қазақстан азаматтарына сатылған.

Аталған көліктер бойынша Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оларды Қазақстанда бастапқы тіркеудің құқықтық тетіктерін әзірледі. Қазір заңмен ресімдеу жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың 23 қаңтарында елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру басталды, науқан 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009250-qazaqstanga-qosalqy-bolsek-turinde-akelingen-roli-on-zaqtagy-seteldik-kolikter-zandastyryluy-mumkin/

pixel