Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мектептің ішінде де қауіптің барын көріп отырмыз": Әлихан Смайылов мектептерде қауіпсіздік шараларын арттыруды тапсырды

Опубликовано:

Әлихан Смайылов үкімет отырсында сөз сөйлеуде
Әлихан Смайылов үкімет отырсында сөз сөйлеуде. Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгінгі үкімет отырысында мектептерде қауіпсіздікті арттыру шараларын пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.

Әлихан Смайыловтың сөзінше, Петропавлдағы мектептердің бірінде болған оқыс жағдай халық арасында үлкен алаңдаушылық тудырған.

"Балаларының қауіпсіздігіне алаңдамайтын отбасы жоқ. Мектептің ішінде де қауіптің барын көріп отырмыз. Сондықтан бұл мәселені қайта қарап, оқу орындарына тексеру жүргізу қажет. Бейнекамералардың санын көбейтіп, мектепке кіреберіс жерлерде бақылауды күшейту мәселесін қарау керек", - дейді премьер-министр.

Бұл ретте үкімет басшысы:

  • Ішкі істер министрлігіне балалардың қауіпсіздігін арттыру бойынша келісілген ұсыныстар енгізуді;
  • Денсаулық сақтау министрлігіне зардап шеккен балаларды емдеуді ерекше бақылауға алуды;
  • Оқу-ағарту министрлігіне Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп, қауіпсіздік сабақтарын әзірлеуді тапсырды.

Еске сала кетсек, дүйсенбі, 13 ақпанда таңертең Петропавлдағы мектептердің бірінде оқушы өзге балаларға балтамен шабуыл жасап, салдарынан үш бала жарақат алған еді.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының хабарлауынша, күдікті сол мектептің 9-сынып оқушысы. Ол ұсталып, қамауға алынған. Құзырлы орган кәмелетке толмаған баланың психиатриялық есепте тұрғанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009282-mekteptin-isinde-de-qauiptin-baryn-korip-otyrmyz-alixan-smaiylov-mektepterde-qauipsizdik-saralaryn-arttyrudy-tapsyrdy/

pixel