Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ерлі-зайыпты жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақ болды деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

Жаңа туған сәби
Жаңа туған сәби. Фото: pixabay.com

Алматылық полицейлер жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақ болды деген күдікпен ерлі-зайыптыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа-порталдың хабарлауынша, арнайы іс-шараны Алмалы ауданында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері мен полицияның арнайы жасақ қызметкерлері бірлесіп жүргізген. Үйлестіру жұмысын Алматы қаласының прокуратурасы жүзеге асырған.

"1998 жылы туған Б. есімді әйел мен оның күйеуі 1991 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Әйел перзентханадан шыққан бойда мәміле жасауға кеткен. Олар қызын 2 млн теңгеге бағалаған. Айта кету керек, ерлі-зайыптылар әлі дүниеге келмеген бала үшін "әлеуетті ата-ананы" алдын ала іздеген. Жаңа туған нәрестені сатудан түскен ақша айыпталушыларды ұстау кезінде тәркіленді.

Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша тіркелген қылмыстық іс материалдарына қосылды. Қылмыстық іс аясында жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – дейді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Басылымның хабарлауынша, ерлі-зайыпты жұптың екі баласы бар екендігі анықталған. Сондай-ақ олар ауыр қылмыс бойынша өз кінәсін толықтай мойындағаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009321-almatyda-erli-zaiypty-zup-zana-tugan-sabiin-2-mln-tengege-satpaq-boldy-degen-kudikpen-ustaldy/

pixel