Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы пирамидасының басшыларының бірі Польшадан Қазақстанға экстрадицияланды

Опубликовано:

ұсталған адам
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Польшаның Әділет министрлігі Қазақстанда QI Trade Kazakhstan қаржы пирамидасын басқарғаны үшін іздеуде жүрген ер адамды экстрадициялау туралы Қазақстан Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратураның хабарлауынша, трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында "QI Trade Kazakhstan" қаржы пирамидасын басқарғаны үшін іздеуде жүрген "К" Қазақстанға экстрадицияланды.

Ол 2018 – 2020 жылдар аралығында бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында қаржы пирамидасының жетекшілерінің бірі бола тұра, азаматтардың ақшалай салымдарын жалған жобаларға тартудың қылмыстық схемасын ұйымдастырған деген күдікке ілінген.

Ұйымдасқан топ мүшелерінің қылмыстық әрекетінің нәтижесінде зардап шеккен 1345 жәбірленушіге 6,3 млрд теңгеден астам шығын келтірілген. Қылмыстарды жасағаннан кейін "К" қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған.

"Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдікті "К" қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ол Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін күдікті 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, Алматыда салымшылардан 6 млрд теңгеден астам ақша алған қаржы пирамидасының басшылары сотталғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009339-qarzy-piramidasynyn-bassylarynyn-biri-polsadan-qazaqstanga-ekstradiciyalandy/

pixel