Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорданың түнгі клубындағы атыс: 23 жастағы күдікті құрықталды

Опубликовано:

Қызылорда қаласындағы күдікті
Қызылорда қаласындағы күдікті. Видеодан скриншот: Telegram/POLICE_of_KZ

Қызылордада түнгі клубтардың біріндегі төбелесте жас жігітке оқ атты деген күдікпен 23 жастағы жігіт ұсталды. Бұл туралы "Қазақстан Республикасы ІІМ жаңалықтары" Telegram-арнасында хабарланды.

7 ақпан күні сағат 01:31 шамасында Қызылорда қаласы полиция басқармасына қала аумағындағы түнгі клубтардың бірінде төбелес болғаны жайлы хабарлама келіп түскен.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, клубқа келушілер арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Жанжал кезінде клубқа келішулердің бірі атыс қаруын пайдаланып, жәбірленушіге дене жарақатын салғаннан кейін ізін суытқан. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан айғақ заттар алынғанын айтты.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жәбірленушіге қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетілген, қазіргі таңда жағдайы тұрақты.

"Жедел – іздестіру іс-шараларының нәтижесінде істі болған 23 жастағы азамат ұсталып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық кодекстің 293 бабы 3-бөлігінің 2-тармағы "Бұзақылық" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды", - дейді ішкі істер министрлігінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009364-qyzylordanyn-tungi-klubyndagy-atys-23-zastagy-kudikti-quryqtaldy/

pixel