Алматы маңында жер сілкінді
Опубликовано:

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 14 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 16.00-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 71 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 8.8.
MPV магнитудасы – 4.2.
Тереңдігі – 25 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.
Еске салсақ, дәл бір апта бұрын Алматыдан 375 шақырым жерде жер сілкінген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009380-almaty-manynda-zer-silkindi/