Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Степногорск қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барды (фото, видео)

Опубликовано:

Степногорсктегі спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен естелік суретке түсуде
Степногорсктегі спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен естелік суретке түсуде. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Степногорскідегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Президенттің баспасөз қызметінің хабардауынша, Степногорскідегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бокс, еркін күрес, ауыр атлетика, дзюдо, көркем гимнастика, футбол, шаңғы жарысы және самбо секциялары бойынша 1140 бала спортпен шұғылданады. Сабақты 30 жаттықтырушы-оқытушы жүргізеді.

Спорт мектебіне барған мемлекет басшысына тәрбиеленушілердің оқу-жаттығу сабақтары өтетін ауыр атлетика залы мен үлкен ойын залы таныстырылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев мектепті аралап көргеннен кейін өңірдің белгілі спортшыларымен және жаттықтырушыларымен кездескен.

Президент қазақстандық спортшылардың өнерін әрдайым тамашалайтынын және қолдайтынын атап өткен. Сондай-ақ ірі жарыстардағы жоғары жетістіктері үшін спортшыларға алғыс айтып, олардың еліміздің шетелдегі имиджін арттыруға қосқан үлесіне тоқталған.

Шара соңында мемлекет басшысы Лейк-Плэсидте (АҚШ) өткен Дүниежүзілік қысқы универсиада чемпионы биатлонист Бекентай Тұрлыбековке алғыс хатын табыс еткен.

Еске сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Сапар барысында президент өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің бірқатар кәсіпорнына барып, энергетикалық және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009418-toqaev-stepnogorsk-qalasyndagy-mamandandyrylgan-balalar-men-zasospirimder-sport-mektebine-bardy-foto-video/

pixel