Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлдағы мектепте оқушыларды балтамен жарақаттады деген күдікті 2 айға қамауға алынды

Жарияланған күні:

Кісен салу
Қолына кісен салынған күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Петропавлда мектепке балта алып барып, үш баланы жарақаттады деп күдікке ілінген 9-сынып оқушысын сот екі айға қамауға алды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық соты Facebook-тағы парақшасында хабарлады.

"15 ақпанда Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмаған Д.-ны 2 ай қамауда ұстау жөнінде санкция берді.

Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге болмайды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Петропавлдағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы үш баланы жарақаттағанын хабарлаған еді. Зардап шеккен оқушылар облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Күдікті ұсталып, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, 14-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Осы оқиғадан кейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев комиссия құруды тапсырды. Сонымен қатар облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінде қауіпсіздікті тексеру жұмысы тапсырылды.

Ал Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев үкімет отырысында шабуыл жасады деп күдіккке ілінген оқушыны жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер ұстағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009468-petropavldagy-mektepte-oqusylardy-baltamen-zaraqattady-degen-kudikti-2-aiga-qamauga-alyndy/