Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қатты жер сілкінісі болған жағдайда метрода қалу қаншалықты қауіпсіз

Опубликовано:

Алматы метросы
Алматы метросында эскалатормен көтеріліп бара жатқан жолаушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінен кейін алматылықтарда алаңдаушылық пайда болды. Қала тұрғындарын мазалайтын сұрақтың бірі - жер сілкінісі кезінде метрода қалған жағдайда не істеу керек? Осы орайда Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы метросының сейсмикалық қауіпсіздігі туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісінің ресми сауалына берген жауабында метро құрылысын жобалау кезінде күрделі тау-кен-геологиялық жағдайлар мен қаладағы сейсмикалық қауіп ескерілгенін айтады.

"Түнелдер әрбір 25-30 метр сайын деформациялық-техникалық жіктермен жабдықталған, бұл жер сілкінісі кезінде жерасты құрылыстарының толық қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сейсмикалық төзімділіктің жалпы қағидаттарына сәйкес келетін антисейсмикалық шаралар қарастырылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ ТЖМ Алматыда метро құрылысы кезінде 9 баллдық сейсмикалық қауіпсіздік қамтамасыз етілгенін атап өткен.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 және 7,6 болатын жойқын жер сілкінісі болып, мыңдаған адам шығынына әкелді.

Жерасты дүмпуінен шамамен 13,5 миллион адам тұратын Түркияның 10 провинциясы зардап шекті. Жер сілкінісі көршілес Сирияға да әсер етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009478-almatyda-qatty-zer-silkinisi-bola-qalgan-zagdaida-metroda-zuru-qansalyqty-qauipsiz/

pixel