Дәулет Тұрлыханов: Ұлымның кінәсі дәлелденсе, заңға сәйкес тиісті шара қолданылады
Жарияланған күні:
Белгілі спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов "заңгерлерге шабуыл жасады" деген күдікке ілінген ұлының әрекетіне қатысты пікір білдірді. Ол ұлының кінәсі дәлелденсе, заңға сәйкес тиісті шара қолданылатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Ақпанның 11-не қараған түні Алматыда менің ұлым мен заңгерлердің арасында болған оқиғаға қатысты пікір білдіруді жөн деп таптым.
Менің ұлым Нұрасыл кәмелет жасына толған азамат, егер оның кінәсі дәлелденсе, оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті шара қолданылады.
Сонымен бірге мен ұлымның әрекеті үшін кешірім сұраймын", – деп жазды Дәулет Тұрлыханов Instagram-дағы ресми парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін адвокат Анна Димитриевич өзіне және жұбайы - адвокат Олег Черновқа Алматыда шабуыл жасалғанын айтқан еді.
Оның сөзінше, кейін шабуыл жасаған адамның белгілі спорт қайраткері Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екені анықталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009547-daulet-turlyxanov-ulymnyn-kinasi-daleldense-zanga-saikes-tiisti-sara-qoldanylady/