Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда қоластындағы күзетшілердің жалақысын өзі алып келген директор сотталып кетті

Опубликовано:

Ақша
Ақша: Polisia.kz

Атыраудағы ЖШС директоры жұмысшыларының жалақысын өзі иемденгені үшін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы "Ақ жайық" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Атыраудағы "Қамал-Крепость" қауіпсіздік қызметі" ЖШС директоры жұмысшыларының жалақысын иемденгені үшін жазаланды.

Өткен жылы серіктестікке 58 жергілікті тұрғын күзетші ретінде қабылданған, олардың міндеттеріне көлік нысандарын күзету кірген. Алайда адал жолмен тапқан ақшаларын ала алмаған. ЖШС директорының жұмысшылар алдындағы қарызы 9 миллион теңгеден асып кетеді.

Атырау қалалық сотының үкімімен зардап шегушілерге келтірілген залалды міндетті түрде өтеумен қатар 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

"Қамал-Крепость" директоры сот үкімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. Алайда облыстық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009580-atyrauda-qolastyndagy-kuzetsilerdin-zalaqysyn-ozi-alyp-kelgen-direktor-sottalyp-ketti/

pixel