Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Досының үйінде түнеген": Ақмола облысында ауруханадан қашып кеткен 13 жасар қыз табылды

Опубликовано:

Ақмола облысында жоғалып кеткен қыз полицейлермен
Ақмола облысында жоғалып кеткен қыз. Фото: Inform.kz

Ақмола облысында ауруханадан қашып кеткен 13 жасар жасөспірім қыз аман табылды. Бұл туралы "Қазақпарат" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Полиция департаментінің мәліметінше, 14 ақпанда Көкшетау қалалық полициясына Сандықтау ауылының 13 жасар тұрғыны жоғалғаны туралы хабар түсті.

Белгілі болғандай, жоғалғанға дейін жасөспірім көпсалалы облыстық балалар ауруханасында жатқан, кешкі сағат 18:50 шамасында рұқсатсыз шығып кеткен.

"Жоғалған қыздың белгілері мен фотосуреттері бар бағдар полиция департаментінің барлық аумақтық бөлімшелеріне және әлеуметтік желілерге таратылады. Жедел іздеу шаралары барысында қыз Ақкөл қаласынан табылды. Көкшетаудан екі жүз шақырым елдімекенге таксимен жеткен. Учаскелік полиция инспекторларының көлігін көріп, жақын маңдағы дүкенге қарай жүгірген қыз тәртіп сақшыларының көзіне түскен", - деді ведомстводан.

Қыздың сөзінше, ол Ақкөлге 14 ақпанда жетіп, досының үйінде түнеген.

"2022 жылдың желтоқсанында қыздың ата-анасы ата-ана құқығынан айырылған. Сол себепті, ол Сандықтау ауылындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында болған. Қазір қыз бала Ақкөл қаласындағы балалар үйіне орналастырылды", - деп толықтырды ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009581-dosynyn-uiinde-tunegen-aqmola-oblysynda-auruxanadan-qasyp-ketken-13-zasar-qyz-tabyldy/

pixel