jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстандықтар көлігіне сәнді нөмір алу үшін 6 млрд теңге жұмсаған

    әдемі нөмірлер
    Мемлекеттік нөмір таңдап тұрған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Соңғы бір жылда қазақстандық көлік жүргізушілері сәнді мемлекеттік нөмір алуға шамамен 6 млрд теңге жұмсаған. Сәнді нөмірлерді ең көп сатып алған - Алматы тұрғындары, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

    Телеарнаның "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясына" сілтеме жасап хабарлауынша, ең қымбат көлік нөмірлері - екі нөлден басталатын бірдей әріптері бар комбинациялар.

    VIP санатқа үш жетіден тұратын нөмірлер де кіреді. Мұндай мемлекеттік нөмірлер 285 АЕК, яғни 873 мың теңге шамасында тұрады.

    Телеарнаның атап өтуінше, сондай-ақ мұндай нөмірлер Алматы тұрғындарының арасында сәнде.

    Былтыр алматылықтар ерекше 7 мың нөмір сатып алған. Соның арқасында мемлекет бюджетіне 2 млрд 365 млн теңге түскен.

    Дереккөз: КТК арнасы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.