Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы "Саяхат" автобекетінің орнына тұрғын үй кешені салынуы мүмкін

Опубликовано:

Тұрғын үй құрылысы
Тұрғын үй құрылысы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыдағы "Саяхат" автобекетінің орнына жерасты тұрағы бар тұрғын үй кешені салынуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Сүйінбай даңғылы 15 мекенжайындағы учаскенің иесі - 01.10.2018 жасалған жер телімін сату-сатып алу шарты негізінде "Sayahat Realty" ЖШС.

Қазіргі уақытта учаске қоршалған, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Алдын ала жобалау құжаттары толық емес", - дейді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Әкімдік жер телімі коммерциялық үй-жайлар мен жерасты тұрағы бар көпфункционалды тұрғын үй кешенін салуға арналғанын айтады.

Айта кетейік, Archcode.kz порталының хабарлауынша, "Саяхат" автобекеті 1967 жылы ашылған. Бұл жер - Алматы қаланың шығысындағы аудан орталықтарымен байланыстыратын автобустардың бекеті болған.

2008 жылы Саяхат автовокзалының ғимараты бұзылып, оның орнына жаңа заманауи көлік кешенін салу жоспарланған.

2018 жылы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті автовокзалды қауіпті жер деп таныды. Сол уақытта "Саяхат" маңындағы заңсыз базар да жұмысын тоқтатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009635-almatydagy-sayaxat-avtobeketinin-ornyna-turgyn-ui-keseni-salynuy-mumkin/

pixel