Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда АЭС құрылысына қатысты қоғамдық тыңдау қашан өтетіні белгілі болды

Жарияланған күні:

АЭС
АЭС. Көрнекі фото: Рixabay.com

Алматы облысындағы атом электр станциясының құрылысына қатысты қоғамдық тыңдау ақпан айының соңында өтеді, деп хабарлайды Samruk-Kazyna official ресми Telegram-арнасы.

Іс-шараны Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігі ұйымдастырады.

"28 ақпан күні сағат 11:00-де Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылындағы орта мектептің акт залында болашақ атом электр станциясының құрылыс алаңы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді. Жергілікті тұрғындар жоба туралы өз пікірлерін білдіріп, сарапшыларға сұрақтар қоя алады", – делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар бұл шара қордың YouTube және Instagram желісіндегі ресми парақшаларында көрсетілетінін хабарлады.

Еске салсақ, елімізде АЭС салуға Алматы облысының Үлкен ауылы таңдалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009707-qazaqstanda-aes-qurylysyna-qatysty-qogamdyq-tyndaular-qasan-otetini-belgili-boldy/