Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда жанармай бекеті жарылып, оператор жан тапсырды

Опубликовано:

Жанармай құю бекеті
Жанармай бекеті. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көкшетауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды. Өрт кезінде бекеттің 34 жастағы операторы қайтыс болды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Оқиға өңірдегі Бірлік ықшамауданында орналасқан бензин құю бекетінде болған.

Арна мәліметінше, 1988 жылы туған оператор сол жерде жан тапсырған.

"Төтенше жағдай департаментінің анықтау органы қылмыстық кодекстің 292-бабына сәйкес тергеу жүргізуді бастады. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Өрттің шығу себебі, кінәлілер тек содан кейін белгілі болады. Тергеу ісіне байланысты басқа ақпарат бере алмаймыз", - деді Әсет Жақсылықов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009735-koksetauda-zanarmai-beketi-zarylyp-operator-zan-tapsyrdy/

pixel