Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында TikTok-та тікелей эфирде бейәдеп сөйлеген тұрғын айыппұл арқалады

Опубликовано:

Смартфон ұстап тұрған ер адам
Смартфон ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысының полицейлері Новоямышево ауылының тұрғынына ТikToк әлеуметтік желісінде тікелей эфирде дөрекі және бейәдеп сөздерді қолданғаны үшін айыппұл салды. Бұл туралы "ҚР ІІМ жаңалықтары" Telegram арнасы хабарлады.

Полиция бұл заң бұзушылықты ТikToк әлеуметтік желісін мониторинг жасау барысында анықтаған.

"Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25 жастағы құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал сотта қаралды, қаулы бойынша ауыл тұрғыны 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді Павлодар ауданы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.

Ведомство сондай-ақ жыл басынан бастап Павлодар полицейлері 140-қа жуық ұсақ бұзақылық фактілерінің жолын кескенін атап өткен. Оның ішінде өңір тұрғындарының заңға немқұрайлы қарауы, қоғамдық тәртіп пен басқа азаматтардың тыныштығын бұзуы сияқты фактілер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009793-pavlodar-oblysynda-tiktok-ta-tikelei-efirde-beiadep-soilegen-turgyn-aiyppul-arqalady/

pixel