Тұман, қар, көктайғақ: Синоптиктер Қазақстан бойынша үш күнге ауа райы болжамын ұсынды
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 18-20 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Метеорологтардың болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Атап айтқанда, қар жауып, республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі деп күтілуде.
Сонымен қатар 18 ақпанда Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі мүмкін.
Одан бөлек, синоптиктер республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді деп болжап отыр. Ал еліміздің оңтүстік жартысында көктайғақ, солтүстік жартысында бұрқасын болуы ықтимал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009829-tuman-qar-koktaigaq-sinoptikter-qazaqstan-boiynsa-us-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/