Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның қай аймақтарында кедейлер саны артқан

Опубликовано:

Көшеде серуендеп бара жатқан зейнеткер
Көшеде серуендеп бара жатқан зейнеткер. Көрнекі фото: Education Images/Universal Images Group/Getty Images

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев парламенттік тыңдауда Қазақстан халқының 5 пайызының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтынын айтты. 2023 жылы оның мөлшері 40 567 теңгені құрайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәулен Әшімбаев қазіргі таңда ел халқының жартысына барлық табыстың үштен бірінен аз бөлігі тиесілі екенін айтады.

"Қазақстандықтардың шамамен 5 пайызының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайды. Бұл ретте 12 облыста, өкінішке қарай, азаматтардың бұл санатында өсу байқалады. Әңгіме Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және басқа облыстар туралы болып отыр", - дейді сенат төрағасы.

Оның айтуынша, халықтың әл-ауқатын арттырудың бір жолы – шағын бизнесті дамыту. Алайда, Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, шағын бизнес қазір ірі қалаларда шоғырланған, ал ауылдық жерлерде тұрғындардың бизнесті дамытуға мүмкіндігі аз.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Қазақстанда инфляцияның жоғары болуына байланысты кедей халықтың үлесі өскенін айтқан болатын. Тамара Дүйсенованың сөзінше, өткен жылы кедейлер саны 4,9 пайызды құраса, биыл бұл көрсеткіш 5,1 пайызға жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009842-qazaqstannyn-qai-aimaqtarynda-kedeiler-sany-artqan/

pixel