Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда әкімнің орынбасары мен бөлім басшысы ұсталды

Опубликовано:

кісен
Кісен. Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыда Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары мен әкімдіктегі бөлім басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаевқа сілтеме жасап хабарлайды.

"Қарағанды ​​қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары мен әкімдіктегі бөлім басшысы ұсталды. Соңғысы делдал болған. Олар өз міндеттеріне кіретін функцияларды орындағаны үшін кәсіпкерден 500 мың теңге алған деген күдікке ілінді.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Ол әлі аяқталған жоқ. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты мәліметтерді таратуға құқығымыз жоқ", – дейді Мұрат Төлеубаев.

Сонымен қатар ол ұсталған тұлғалар тергеу аяқталғанға дейін жұмыстан шеттетілгенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009873-qaragandyda-akimnin-orynbasary-men-bolim-bassysy-ustaldy/

pixel