Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қатты жаңбыр салдарынан көшелерді су басты (видео)

Опубликовано:

Шымкентте көшелерді су басты
Шымкентте көшелерді су басты. Фото: ТЖМ

Шымкенте толассыз жауын-шашын түсуі мен қар еруіне байланысты көшелерді су басты. Адам жүретін жолдар мен арықтардағы суды тарту жұмыстарына 170-тен астам маман жұмылдырылған. Бұл туралы ТЖМ Telegram арнасында хабарлады.

Бірнеше күннен бері Қазақстанның үшінші мегаполисінде жаңбыр, кейде қар аралас жаңбыр жауып жатыр. Осының салдарынан қаладағы көшелерді су басқан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Шымкенттегі аулаларды су басуға жол бермеу мақсатында қала аумағындағы суды шығару және инертті материалы бар қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілген.

Су шығару жұмыстарына 87 техника, 65 мотопомпа, жеке құрамның 173 адамы жұмылдырылды.

Жалпы алғанда, ведомство 2508 текше метр су шығарылып, 800 қап инертті материал төселгенін хабарлады.

Айта кетейік, "Қазгидромет" РМК ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Шымкентте 18-19 ақпан күндері жауын-шашын болмайды деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009918-symkentte-qatty-zanbyr-saldarynan-koselerdi-su-basty-video/

pixel