Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз қаласына маңындағы екі аудан қосылады

Опубликовано:

Тараз қаласы
Тараз қаласы. Фото: Gov.kz

Биыл Тараз қаласына 14 елдімекен және Байзақ пен Жамбыл аудандарында орналасқан екі саяжай қосылады. Бас жоспар үкіметте бекітілсе, 44 мыңнан аса ауыл тұрғыны қалалық тіркеуге ауысады. Жоспарға сәйкес шаһар көлемі 30 мың гектарға дейін өседі, деп хабарлайды 24.KZ.

Қала әкімі Бақытжан Орынбековтің мәліметінше, 2025 жылға дейін қала екі әкімшілік ауданға бөлінеді. Бұл халық санының 400 мыңнан асуына байланысты орындалатын заңнамалық талап.

Арна мәліметінше, жыл соңына қарай облыс орталығында 3 жаңа ауданның құрылысы басталмақ. Олардың әрқайсысында 60-70 көпқабатты тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар бой көтереді. Таразда көп жылдан бері 2 көпірге қажеттілік туындаған. Бұл мәселені шешу үшін республикалық бюджеттен 20 млрд теңгеден аса қаржы бөлінетін болды. 

"За линией" атауы бар аймақ пен қаланың негізгі орталық бөлігін магистральді темір жол бөліп отыр. Осы темір жолдың үстінен аспалы көпір салу біздің бас жоспарымызда қаралған. Болашақ жаңа мөлтек аудандармен қосу үшін 1,8 км құрайтын аспалы көпірдің құрылысын да жоспарлап отырмыз", - деді қала әкімі Бақытжан Орынбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009973-taraz-qalasyna-manyndagy-eki-audan-qosylady/

pixel