Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Respublica партиясының идеологиялық тұғырнамасының негізі қандай

Опубликовано:

Respublica партиясы
Respublica партиясы. Фото: Respublica партиясы

19 наурызда Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің және мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтеді. Парламенттік сайлау – президент бастаған саяси қайта құрулар мен реформалардың жалғасы. Сайлаудың мақсаты – мәжіліс пен жергілікті өкілді органдар жұмысының тиімділігін арттыру, күшті парламентті қалыптастыру.

Аралас пропорционалды-мажоритарлық модельге көшу нәтижесінде биліктің өкілді институттарын қалыптастыру принциптері өзгеруде. Көптеген сарапшылар атап өткендей, қазіргі өзгерістерге дейінгі кемшіліктердің бірі өзін-өзі ұсынған кандидаттарға дауыс бере алмау ғана емес, сонымен қатар партиялық-саяси өрістің дамуының тоқтауы болды: парламенттік сайлауға санаулы партиялар қатысып, солар жеңіске жетіп отырды.

Ойынның жаңа ережелері қазірдің өзінде жемісін беріп жатыр: процестер басталып кетті, Қазақстан Республикасында жаңа партиялар тіркелді. Кейбір сарапшылар атап өткендей, олардың арасында Respublica партиясы сайлау додасының басты қатысушыларының бірі болуы мүмкін.

Оның қатарына қазақстандық кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері кіреді. Партияның құрылтайшылары ауыл шаруашылығы, машина жасау, фармацевтика, бөлшек сауда, киноиндустрия, БАҚ және қаржы салаларындағы бизнесті басқарады және оларға иелік етеді. Партия жетекшісі – "Олжа Агро" агрохолдингінің басшысы Айдарбек Қожаназаров. Тең төрағалар – кәсіпкерлер Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шүкіжанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев.

Respublica партиясы
Respublica партиясы. Фото: Respublica партиясы

Партияның ұраны – "Жаңа адамдар – Жаңа қадамдар". Өз ойларын түсіндіре отырып, партия өкілдері Қазақстан жаңа технологиялық тәртіп дәуіріне қадам басып келе жатқан негізгі мәселеге назар аударады. Цифрландыру өмірдің барлық дерлік салаларын өзгертуге әкеледі. Жаңа кәсіптер мен жұмыспен қамту нысандары пайда болуда, еңбек бөлінісі мен кооперациясына көзқарастар өзгеруде, желілік қауымдастықтар мен компаниялардың рөлі артып келеді. Негізгі ұлттық ресурстар – адами капитал және сыртқы ортаның қиындықтарына бейімделу қабілеті.

Жаңа шындықты ұйымдастыру, басқару және бақылау тәсілдерін өзгертуді талап етеді. Басқару шешімдерін қабылдаудың қолданыстағы тетіктері күші сарқылып қалды. Қазақстанды қайта жаңарту керек.

Партия қандай ұстанымдар негізінде тиісті қалпына келтіруді жүзеге асыруды ұсынып отыр және мұндай ауқымды үдерісте бизнестің рөлі қандай?

Осыған байланысты партияның миссиясын заманауи және жоғары технологиялық ұлттық экожүйені құру деп атауға болады. Ал оны құру жолындағы басты мақсат – қоғам өмірінің барлық салаларында құрылымдық қайта жасақтаудың қажеттілігі. Ал, партия идеологтарының көзқарасы бойынша, бизнесте тиімділігін дәлелдеген кәсіпкерлік тәжірибе мен үдерістер елге қажетті қайта құрулар жолындағы басты құралға айнала алады.

"Неге біз бұл нәрселерге қол жеткізе аламыз? Біріншіден, біз әрекет етуші адамдардың партиясымыз. Әрқайсысының артында көптеген отандастардың өзін табуға және болашаққа сенімін арттыруға көмектесетін жеке табыс тарихы жатыр. Біз – тәжірибелі және тиімді менеджерлер, таза іскерлік беделі бар көшбасшылармыз. Біз шенеунік емес, жасаушылармыз. Әрқайсымыз мыңдаған адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отырмыз", - делінген Respublica партиясының идеологиялық тұғырнамасында.

Ендеше, біз айтып отырған басты мәселе – бизнесте өзін сәтті көрсеткен тәсілдерді саясат пен мемлекеттік басқаруда қолдану. Бұл ең алдымен мемлекеттік аппаратқа барлық жағынан жетіспейтін процестерді басқарудың халықаралық әдістері мен технологияларына, ғылыми көзқарасты қолдану мен жұмысты нақты жүйелеуге негізделген. Партиядағы нағыз бизнес өкілдері бола отырып, олар мемлекеттік басқарудағы барлық кемшіліктерді бірден сезінетінін, өйткені олар бірінші кезекте бизнеске әсер ететінін баса айтады.

Бұл тезистер бірқатар бағыттардан тұратын Respublica партиясының идеологиясының негізінде жатыр. Шартты түрде оларды келесі категорияларға бөлуге болады: адами капитал (соның ішінде әлеуметтік инклюзия, білім беру, денсаулық сақтау), мемлекеттік басқару, экономика, мәдениет, халықаралық қатынастар.

Өндіруші: Республикалық штаб Астана қаласы, Қонаев 23 Тапсырыс беруші: Құспеков О.Х. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудағы "Respublica партиясы" ҚБ Сайлау қорының қаражаты есебінен төленеді.

*Бұл ақпаратты кез келген БАҚ-та кез келген түрде көшіруге, жариялауға, қайта басып шығаруға, көбейтуге және/немесе таратуға тыйым салынады (веб-сайтта, БАҚ-тың әлеуметтік желілердегі, әлеуметтік және блог-платформалардағы аккаунттарында, мессенджерлерде жариялау және қайта жариялау); сондай-ақ бұл ақпаратты кез келген әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жалпыға ортақ және жеке аккаунттарда таратуға және репост жасауға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009977-respublica-partiyasynyn-ideologiyalyq-tugyrnamasynyn-negizi-qandai/

pixel