Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика министрлігі ЖЭО-да кезекті апат орын алған Екібастұзды жылумен қамтуға байланысты жағдайды баяндады

Опубликовано:

Екібастұз
Екібастұз. Фото: kazgazeta.kz

Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі бір күн бұрын жылу электр орталығында кезекті апат орын алған Екібастұзды жылумен қамтуға байланысты жағдайды баяндады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомства мәліметінше, кеше яғни, 18 ақпанда сағат 04.37-де Екібастұз жылу электр орталығында су жылыту бөлігінің жылу желісін беру коллекторы зақымданған. Нәтижесінде, салқындатқыш температурасының параметрлерін төмендету арқылы су жылыту қазандықтары тоқтатылды.

"Шамамен сағат 20.00 кезінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Коллекторды толтырғаннан кейін сағат 23.00-де жылу желісінің параметрлерін көтеру үшін кезек-кезек су жылыту қазандықтарын іске қосылуы басталды. Қазіргі уақытта Екібастұз жылу электр орталығында 6 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беру температурасы 70 градус.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар министрлігі, Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті өкілдерінің қатысуымен облыс әкімдігінің жедел штабы жұмыс істеуде. Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында", - деді энергетика министрлігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009980-energetika-ministrligi-ekibastuzdagy-totense-zagdaiga-bailanysty-malimdeme-zasady/

pixel