Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында ауыл әкімдерін пара беруге арандатқан Антикордың бұрынғы қызметкерлері сотталды

Опубликовано:

Конверттегі ақша
Конверттегі ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысында ауылдық округтердің әкімдерін пара беруге арандатқаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұрынғы 2 қызметкері 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Бас прокуратура ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімшілігін тексеріп, ауылдық округтердің әкімдерін қылмыстық жауапкершілікке тартатынын айтып, қорқытып, олардан ақшалай қаражат талап еткен.

Олардың талаптарынан кейін тексерістің оң шешілуі үшін әкімшілік қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне 400 мыңнан 630 мың теңгеге дейін сомада қаражат беріп, пара беру дерегі бойынша ұсталған.

Салдарынан жеті ауыл әкімі мен әкімшіліктің бір есепшісі әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылып, айыппұл төлеуге міндеттелген.

Алайда Бас прокурордың наразылығын есепке алған Жоғарғы сот кейін оларды толығымен ақтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің іс-әрекеттерінде тікелей арандатушылық бар екенін анықтаған.

Өз кезегінде, екі жедел өкілге қатысты Қылмыстық кодектің 362 бабы 4-тармағы бойынша (билiктi және лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Тергеп-тексеруді бас прокуратураның арнайы прокуроры жүргізіп, күдіктілердің кінәларын толығымен дәлелдеп, қылмыстық іс сотқа жолданған.

2023 жылғы 26 қаңтарда Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының үкімімен ауыр санаттағы лауазымдық қылмысты жасағандары үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұрынғы екі қызметкеріне 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сондай-ақ олар арнайы шендерінен де айырылған.

Ал жәбірленушілердің пайдасына моральдық залал өндірілген.

Үкім сотталушылардың шағымына байланысты заңды күшіне енбеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010049-turkistan-oblysynda-auyl-akimderin-para-beruge-arandatqan-antikordyn-buryngy-qyzmetkerleri-sottaldy/