Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал журналист Алматыда әріптесінің екі көлігі жарылғанын мәлім етті (видео)

Опубликовано:

Танымал журналист Алматыда әріптесінің екі көлігі жарылғанын мәлім етті
Видеодан кадр: instagram.com/vadim.boreiko

Танымал журналист Вадим Борейко Алматыда операторларының екі көлігі жарылғандығын мәлім етті. Аталған жайтқа қатысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен қаланың ТЖД пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"20 ақпан күні менің операторымның үйінің жанында екі көлігін жарып жіберді", - деп жазды Вадим Борейко өзінің Instagram парақшасында.

Аталған оқиғаға қатысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі пікір білдірді.

"Алматы қаласының Ішкі істер департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жасап, тиісті сараптама тағайындады. Мәселенің мән-жайы нақтыланып жатыр", - дейді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар министрлік журналистік қызметке кедергі келтіруге жол берілмейтінін және барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Ал қаланың ТЖД 20 ақпанда түнгі сағат 3-те Түрксіб ауданында өрт басталғаны туралы хабарламаның келіп түскен соң оқиға орнына барғанын хабарлады.

"Тұман мен жолдың көктайғақтығына қарамастан, өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетіп, онда 1999 жылғы - Audi A4 және 1987 жылғы Nissan Terrano көліктері жанып жатқанын анықтады. Өрттің жалпы аумағы 6 шаршы метрді құрады", - деп хабарлады қаланың ТЖД өкілдері.

Сонымен бірге ведомство өкілдері өрттің тұтану себептері анықталып жатқандығын әрі материалдар Түрксіб ауданы полиция басқармасына жолданатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010086-tanymal-zurnalist-almatyda-ariptesinin-eki-koligi-zarylganyn-malim-etti-video/

pixel