Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада қонақ үйлердің бірінде танысымен кездескен әйел телефонынан айырылды

Опубликовано:

Астанада қонақ үйлердің бірінде танысымен кездескен әйел телефонынан айырылды
Күдікті. Фото: polisia.kz

Астанадағы қонақ үйлердің бірінде танысымен кездескеннен кейін телефонын жоғалтып алған тұрғын полиция көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ ресми сайтының мәліметінше, астаналық әйел танысын кезіктіріп, одан кейін олар Гете көшесіндегі қонақ үйлердің біріне барған. Шағымданушының айтуынша, қонақ үйде олардың бөлмесіне әкімші келіп, нөмірді босатуды сұраған. Осы кезде ер адам әйелдің телефонын алып, оны далада күтемін деген. Әйел сыртқа шыққанда, оның танысы кетіп қалған, ал телефон өшірулі болған.

Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру барысында 39 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адам өз кінәсін мойындағаннан кейін одан телефон тәркіленді.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010097-astanada-qonaq-uilerdin-birinde-tanysymen-kezdesken-aiel-telefonynan-aiyryldy/

pixel