Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пара алғаны үшін 7 жылға сотталған Бақытгүл Хаменованың аппеляциялық соты басталды (фото)

Опубликовано:

Бақытгүл Хаменованың апелляциялық соты өтті
Бақытгүл Хаменованың апелляциялық соты өтті. Фото: KAZ.NUR.KZ

Атырау облыстық сотында "пара алу" айыбы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылған өңір басшысының бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты апелляциялцық сот отырысы басталды. 4,5 миллион теңге пара алды деген айыппен келіспеген экс-шенеунік апелляцияға шағым түсірген болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алғашқы апелляциялық сот отырысы офлайн режимде өтті. Сот алқасының құрамына судья Мирамбек Нағашыбаев, Татти Уалиева және Гульмира Даулетова кірген. Айыптау тарапынан прокурор Лаура Саматова қатысуда. Сотта Хаменованың құқығын адвокат Игорь Вранчев қорғап жатыр.

Бақытгүл Хаменованың апелляциялық соты өтті
Бақытгүл Хаменованың апелляциялық соты өтті. Фото: KAZ.NUR.KZ

Бүгін, 20 қаңтарда өткен сот барысында апелляциялық шағым бойынша прокурордың қорытындысы оқылды. Бар мән-жайды баяндай келе мемлекеттік айыптаушы Хаменова бөліске салды деген ақша шын мәнінде өзі айтқандай қарыздарды жабуға арналған болса, Рысқалиев (Атырау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бұрынғы басшысы) екеуінің арасындағы әңгіме басқаша форматта болуы керектігін айтты.

"Хаменова Рысқалиевті шақырып алып "Сен мынаған өте сақ бол, өте сақ бол! Сенің артыңнан қарап жүрген адам көп" деп айтқан. Осылайша Рысқалиевқа пара ретінде алынған ақшаға сақ болуды ескерткен. Ал егерде, ол ақшамен "Алтын Орда" шарасын өткізуге алынған қарыздарды жабамыз деген ойы болса, екеуара әңгіме ашық әрі басқа да әріптестерінің қатысуымен бірге өтуі керек еді. Екеуінің арасындағы диалог бір-бірімен сыбырласқан күйде өтпес еді. Әңгіме барысында Хаменова Рысқалиевтен "Ақшаны қайдан алдың?" деп те сұрамайды, яғни бар мән-жайды біліп отыр. Қылмыстық әрекеттің аудиодәлелдері бар", - деді прокурор Лаура Саматова.

Прокуродың қорытындысы оқылғаннан кейін сот үзіліс жариялап, отырысты 21 ақпанға қалдырды.

Бақытгүл Хаменованың апелляциялық соты өтті
Бақытгүл Хаменованың апелляциялық соты өтті. Фото: KAZ.NUR.KZ

Айта кетейік, 2021 жылдың желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ұсталды. Олар Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Ал 2022 жылдың 15 қарашасында Бақытгүл Хаменоваға сот үкімі шығып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде 3 жылдан кейін өтейді. Хаменова сот залынан үйіне жіберілді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев те 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Пара берді деген айып тағылған "Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Адамов 4,5 жылға сотталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010100-para-algany-usin-7-zylga-sottalgan-baqytgul-xamenovanyn-appelyaciyalyq-soty-bastaldy/

pixel